Орынбасарова Гүлнар Орынбасаровна 1986 жылдың 27 тамызында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында «Жәмеңке» орта мектебін тәмамдады. 2004-2008 жылдар аралығында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің «050609 - География» мамандығын бітірді. 2009-2011 жылдары әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің «6N0609 - География» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. 2017-2020 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «6D060800 –Экология» мамандығы бойынша PhD – докторантураны тәмамдап, 2022 жылы «6D060800 – Экология» мамандығы бойынша PhD доктор дәрежесін алды. Еңбек жолын 2008 жылы Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы мектеп интернатында география пәнінің мұғалімі болып бастады, 2009 жылы әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінде, География факультетінде экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедрасының ж/б маманы, 2011 жылы Каспий қоғамдық университетінде офис регистраторда жұмыс істеді, 2013 Алматы технологиялық университетінде, Экономика және бизнес факультетінде, «Туризм және сервистік қызмет» кафедрасында аға оқытушы, 2019 жылы Халықаралық Бизнес Университетінде аға оқытушы қызметін атқарды. Қазіргі таңда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінде «География және табиғатты пайдалану» факультетінде «Рекреациялық география және туризм» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Оқу және қызмет барысында ғылыми конференцияларда университет тіршілігінде аянбай ат салысады. Басқа ғылыми қызметкерлермен бірлесіп 15 ғылыми еңбек жарық көрді, оның ішінде: 3 - ҚР ҒЖБМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған басылымдарда және 3 - халықаралық конференциялар материалдарында, оның ішінде 2 - шетелдік конференциялар материалдарында, 1 - Қазақстан Республикасындағы халықаралық конференциялар жинақтарында, 4 - Scopus деректер базасына кіретін алыс шетел журналдар басылымдарында (CiteScore 1,8, Q3, процентиль 48, Q3, процентиль 55) және өндіріске ұсыныс ұсынылды. Тұрмыс құрған. Үш баласы бар.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2008

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
27.06.2022
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0